Биыл Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылының құрылғанына 60 жыл. Мерейтой аясындағы салтанатты шара ауыл қақпасынан басталды. Келген қонақтарды ақ жаулықты аналар қарсы алып, дәстүрлі дастарқан жайылды. Ұлттық тағамдар ұсынылып, ауылдың өткені мен бүгінін танытатын көріністер сахналанды. Салтанатты жиында ауылдың тумасы, белгілі кәсіпкер Балтабай Асанов ауыл тұрғындарына үлкен тарту жасап, жаңа жедел жәрдем көлігін табыстады.