Төлеби ауданында «Ауыл жастары» форумы өтті. Басқосуға Парламент Мәжілісінің депутаттары, салалық министрліктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, беделді сарапшылар және еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық жас қатысты. Ондағы мақсат Президент Жолдауында белгіленген мемлекеттік басымдықтарды жүзеге асыруға жастарды жұмылдыру.