Түркістан
EN

Қазақстан eGov-тан AI-Gov форматына толық көшу кезеңіне өтті

85
06.10.2025

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі eGov-тан AI-Gov форматына толық көшу кезеңіне өтті. Бұл — азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып қана қоймай, шешім қабылдау процестерін автоматтандыруға жол ашады. «AMANAT» партиясы өткізген сессияда жасанды интеллект негізіндегі цифрлық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған «Цифрлық қоғам» бастамасы бар. Сонымен қатар, «Жер аманаты» жобасы да ерекше маңызға ие. Аталған жоба арқылы бүгінде 13 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған.