Шардара ауданында 2013-2014 жылы туған ұлдар арасында волейболдан Түркістан облысының чемпионаты ұйымдастырылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған 9 командадан 100-ден астам жас спортшы қатысып, өзара үздікті анықтады.Нәтижесінде, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан Түлкібас ауданының командасы чемпион атанды. Ал жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болған Шардара ауданының командасы екінші орынды иеленсе, үшінші орын Арыс қаласына бұйырды.Жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар да марапатталды. Асан Естай – «Үздік ойыншы», Жасұр Аривжон – «Үздік шабуылшы», Сман Нұрислам – «Үздік қорғаушы», Мирас Қойшыбай – «Үздік доп таратушы» атанды.Түркістан облысының волейболдан аға жаттықтырушысы Иса Райымханов чемпионаттың жоғары деңгейде өткенін және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосқанын атап өтті. Чемпионатта оза шапқан спортшылар енді 27 қазан мен 3 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысында өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғайды.