Түркістан облысында ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыруға бағытталған «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты облыстық байқау басталды. 10 қазанға дейін жалғасатын өнер додасына өңірдің 17 аудан мен қаласынан 200-ден астам ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар қатысуда. Байқаудың мақсаты – ауылдық жерлердегі шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың кәсіби деңгейін арттыру, мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту және ауыл мәдениетінің қоғамдағы рөлін күшейту.
Өнер сайысы соңында үздік ұжымдар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен марапаттарға ие болмақ.