Түркістан
EN

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді

29
06.10.2025

Түнгі сағат 01:29-да еліміздің оңтүстік өңірінде жер сілкіні тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың тереңдігі – 10 шақырым, магнитудасы – 5,9, энергетикалық класы – 13,3,- болды дейді мамандар. Жер дүмпуі Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сезілген. Атап айтқанда, Жамбыл облысы, Тараз қаласы және Түлкібас ауданында - 4 баллға дейін жеткен. Шымкентте, Қаратау, Ленгер және елді мекендерде 3 баллдық сілкініс сезілсе,  Түркістан, Кентау, Арыс, Сарыағаш, Жетісай және Шардара қалаларында – 2 балл шамасында болған. Қазір жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізілуде.