Өскемен қаласындағы ірі супермаркеттердің бірінен мерзімі өткен тауарлар анықталды. «Жаңа адамдар» белсенділер қоғамы дүкен сөрелерінен жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен азық- түліктерді тапқан. Тіпті кейбір өнімдердің мерзімі бір жылдан асып кетсе де дүкен сөрелерінен алынбаған. Бұған дейін, аталған сауда желісіне ресми ескерту жасалып, басшылық жағдайды түзетуге уәде берген. Алайда, бір ай өтсе де мәселе шешілмеген. Қайта тексеріс кезінде белсенділер ет өнімдері мен қышқыл-сүт тағамдарының да жарамсыз күйде сатылып жатқанын анықтады.