Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы — ел тарихындағы маңызды белестердің бірі. Хантағы баурайындағы кенді шаһар бұл күнді ерекше сән-салтанатпен қарсы алуда. Мерекелік күн аясында қалада бірқатар айтулы шаралар өтті. Соның ішінде, қаланың басты даңғылдарының бірінде жаңа саяжол салтанатты түрде ашылды. Ал Мәдениет үйінде өткен ғылыми конференцияда «КЕНТАУ. КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ» атты кітаптың тұсауы кесілді.