Түркістан
EN

Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға баса мән береді

105
03.10.2025

Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға баса мән береді. Осы ретте еліміз жауапкершілігі жоғары орта держава ретінде беделді халықаралық ұйымдармен байланысын бекемдей түсуге мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа энергетикалық тәртіп: орта державаларға назар аудару» форумына қатысушыларға осындай үндеу жолдады. Оны Премьер-министр Олжас Бектенов оқып берді. Беделді халықаралық шараға 50-ден астам елден 300-ден аса компания қатысып, 2,5 мыңнан астам делегат жиналды. Үкімет басшысы еліміздің энергетика саласында жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларды таныстырды. Мәселен, қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен зауыты іске қосылды. Сондай-ақ жылына 1 миллион тонна полиэтилен өндіретін жоба қолға алынып жатыр. Бұдан бөлек, бутадиен мен карбамид өндіру ісі де жолға қойылуда. 2030 жылға дейін жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын алты ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар қайта өңдеу көлемі өсіп келеді. Жиында электр энергиясын өндіру және саланы цифрландыру мәселесі де көтерілді.