Түркістан облысында туризмді дамытуға басымдық берілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйдібек қаған» қоры өкілдерімен кездесіп, аудандағы тарихи-киелі орындарды абаттандыру, қонақүй салу және туристік инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін талқылады. Салаға инвестиция тарту қарқыны да артып келеді. Биыл алты айдың ішінде өңірге келген туристер саны былтырмен салыстырғанда 7%-ға өскен. Орналастыру орындарында 151 мың адам демалса, табиғи аумақтарға 123 мыңнан астам турист барған. Тарихи орындарға саяхатшылар легі 736 мыңнан асып, көрсеткіш 7%-ға артты.