Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығында шу шықты. Әлеуметтік желіде көлік құжатын алу үшін емтихан тапсыруға келген жұрттың ғимаратқа жапа тармағай жүгіріп, жанталасқан видеосы тарап кетті. Кезек күтпей, сыртқы есіктен асып түскен жігіттердің бұл қылығын жауаптылар өздерінше түсіндіреді. Сөздеріне сенсек, емтихан үшін талас бүгін болмаған. Қазір жағдай түзелді деген Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары емтихан тапсыруға тек шымкенттіктер келмейді дейді.