Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экономикалық қатынас нығая түсті. Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келіссөз өткізді. Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын талқылады. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект пен цифрландыру салаларындағы әріптестікке басымдық берілді. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Жаңадан құрылған Қазақстан–Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызды тетігі болмақ. Сондай-ақ Будапешт агломерациясында жүк терминалын салу мүмкіндігі қаралды.