Түркістан
EN

Тұмауға қарсы вакцина 17 мың адамға салынды

75
02.10.2025

Түркістан облысында тұмауға қарсы жаппай вакциналау қыркүйектің жиырма бесінен басталды. Осы аралықта өңірдегі 17 мыңнан астам тұрғын ресейлік «Гриппол+» екпесін салдырған. Қазір облысқа бұл вакцинаның 271 мың 348 дозасы әкелінген. Оны өңір халқының 12 пайызы, яғни әлеуметтік осал топтар тегін салдыра алады. Айта кетейік, вакциналау маусымы келер жылдың сәуір айына дейін жалғасады.