Түркістан
EN

Райымбек Сейітметов атындағы сазды драма театрының кезекті маусымы ашылды

102
02.10.2025

Түркістан қаласы Райымбек Сейітметов атындағы сазды драма театрының кезекті маусымы ашылды. Ширек ғасырдан астам тарихы бар өнер ұжымы бұл жолы сахна шымылдығын  «Хат тасушы» драмасымен түрді. Ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шағын әңгімесі желісіне құрылған пьеса  соғыс жылдарындағы балалық бал дәуренін  қайғы-қасірет жаныштаған ұрпақтың ауыр тағдырын бейнелейді.