Бүгін Астанада халықаралық деңгейдегі Digital Bridge 2025 технологиялар форумы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні тек бейбіт мақсатта пайдалану қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанда «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы мен тұңғыш зерттеу университеті құрылатынын, екінші суперкомпьютер іске қосылатынын атап өтті. Сондай-ақ «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданып, жаңа министрлік жасақталды. Еліміз үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналу басты мақсат етіп отыр.