Түркістан
EN

Түркістан облысында жылыту маусымы қашан басталады?

89
02.10.2025

Түркістан облысында жылыту маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталмақ. Қазір тұрғындардың көмір сатып алу белсенділігі бәсең. Дегенмен сала мамандары ескертеді. Қыс қаһарына мінген кезде көмір іздегендер көбейіп, тапшылық туындауы мүмкін. Бұл – уақытылы жеткізілмеу ғана емес, делдалдардың бағаны қолдан шарықтатуы ықтимал деген сөз. Басқарма өкілдері қазірден қамдану қажеттігін еске салады. Себебі күздің жайлы күндеріне алданған жұрт, ертеңгі аязға дайын болмай қалуы әбден мүмкін. Жалпы облысқа жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі 594,3 мың тонна. Бұған дейін барлық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мекемелердің жылыту жүйелері тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қажетті отын қорлары жасақталып, жеткізілді.