Түркістан
EN

«Құрмет» ардагерлер үйі ашылды

100
02.10.2025

Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Мереке күні Түркістан облысындағы Қарасу ауылында «Құрмет»  ардагерлер үйі  ашылды. Мұнда қариялардың тынығуына, денсаулығын жақсартуына барлық жағдай жасалған. Қазыналы қариялардың игілігіне берілген ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.