Табиғи апат айтып келмейді. Толассыз жауған жауынның салдарынан Мақтаарал ауданында 3 мыңнан астам үйдің ауласын су басты. Тіпті кейбір ескі үйлердің қабырғалары опырылып құлаған. Бүгінде облыстық төтенше жағдай қызметкерлері қарқынды жұмыс істеуде. Сондай-ақ, аудан басшысының тапсырмасына сай шұғыл шығындар есебінен қосымша су сорғыш құралдары сатып алынған. Одан бөлек, Жетісайда еріктілер тобы жұмыс істеуде.