Түркістан
EN

Алғашқы АЭС-ті Мойынқұм немесе Қаныш Сәтпаев деп атауы мүмкін

89
02.10.2025

Қазақстандағы алғашқы Атом электр станциясы Мойынқұм немесе Қаныш Сәтпаев деп аталуы мүмкін. Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баспасөз жиынында осылай мәлімдеді. Қазір АЭС-тің атауын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Сарапшылар құрамында этнографтар, тарихшылар , уран саласының өкілдері және қоғамдық пікір жетекшілері де бар. Айта кетейік, 25 қыркүйекте елде алғашқы  АЭС атауына байланысты байқау басталған еді. Ол 10 қазанға дейін жалғасады. Ұсыныстар eGov Mobile қосымшасында қабылданады. Қазірдің өзінде порталға 20 мыңнан астам ұсыныс түсіп үлгеріпті.