Түркістан
EN

600 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, жаңа рекорд орнатты

90
01.10.2025

Астанада әскери қызметші Рауан Әбілханов 600 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, жаңа рекорд орнатты. 3-сыныпты сержант небәрі бес күнде Астана – Көкшетау – Астана бағытын жаяу жүріп өтті. Мәреде оны Қорғаныс министрлігінің алдында салтанатты түрде қарсы алды. Әскери оркестр өнер көрсетіп, марафоншыға құрмет білдірілді. Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Рауанның  бұл жетістігін әскери табандылық пен патриотизмнің жарқын үлгісі деп атап өтті.