Түркістан облысында жасы 100-ден асқан 51 қария бар. Олардың ішіндегі ең үлкені 108 жастағы Гүлзи Келесбаева. Ол Қазығұрт ауданында тұрады. Жалпы облыста зейнеткерлер саны 203 мыңнан асса, республика бойынша 100 жастан асқан 448 қария бар. Жасы бәрімізден үлкен қария 115-те, Ұлытау облысының тұрғыны. Сондай-ақ, ұзақ өмір сүрушілердің саны бойынша Алматы облысы алдыңғы орында тұр. Мұнда егде жастағы 58 қария бар. Ал Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша екінші орында.