Түркістан
EN

Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасы жаңғыртылуда

66
01.10.2025

Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасы жаңғыртылып жатыр. Бәйдібек ауданындағы Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында қызметтік ғимарат жөнделіп, ескі темірбетон плиталары алынып тасталды. Сонымен қатар шайылған жерлер бекітіліп, бетон тіректері күшейтілмек. Қайта жөндеу жұмыстары аяқталған соң 4 мың гектардан астам егістік жерге  су жеткізу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ төрт ауыл ауыз сумен қамтылады. Жалпы еліміз бойынша су шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар жүзеге асуда. Онда 42 жаңа су қоймасын салу, жұмыс істеп тұрған 37 қойманы жаңғырту қарастырылған.