Түркістан
EN

Алаяқтықпен алынған 270 млн теңге несиеге қатысты үкім шықты

101
30.09.2025

Астанада бір топ адамның алаяқтық пен қылмыстық жолмен алынған кірістерін заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеуді қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті жүргізген. Белгілі болғандай, 2023 жылы күдікті әйел ұлының атынан берілген сенімхатпен әрекет етіп, банк арқылы жалпы сомасы 115 млн теңге болатын екі несие рәсімдеген. Бұл қаражат «ДАМУ» қоры субсидиялайтын мемлекеттік жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында алынған. Несие алу үшін банкке жалған құжаттар ұсынылып, кепіл ретінде нарықтық құнына сәйкес келмейтін мүліктер рәсімделген. Сонымен қатар 2023 жылдың желтоқсанында күдіктілер қатерлі ісікке шалдыққан әйелдің атына тағы 155 млн теңге несие рәсімдеген.