Түркістан
EN

Халықаралық өнеркәсіп форумы өтіп жатыр

80
30.09.2025

Беларусь елінде халықаралық өнеркәсіп форумы өтіп жатыр. Оған еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов бастаған делегаттар да қатысып жатыр. Форум аясында көрме өтіп, онда еліміздің машина жасау, құрылыс саласы саласы бойынша 20-дан аса кәсіпорын өнімдерін ұсынды. Одан бөлек, білім мен медицина саласындағы стартап жобалар да таныстырылды. Сала мамандарының айтуынша, қазір мектеп оқушылары бұл жобаларды күнделікті сабақта қолданып жатыр екен.