Түркістан
EN

"Adal" партиясы "Amanat" партиясына қосылмақ

147
17.03.2022

Adal партиясының Саяси кеңесі Amanat партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша «Қазір бүкіл әлем жаһандық экономикалық және геосаяси дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Аумалы-төкпелі кезеңде, кей мәселелерге қатысты пікір қайшылығын қойып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірге қадам жасайтын кезең туды. Сондықтан адалдықтар  Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді деп отыр.