Алматы қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған өңірден 500 тоннадан астам өнім жөнелтілді. Олардың қатарында ет,көкөніс, бақша өнімдері, сүт тағамдары мен қайта өңделген тауарлар да бар.Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағада ұсынылмақ. Жәрмеңке алдындағы дайындық барысын әріптесім Шынар Мұратхан тарқатады.