Отырар ауданында алғаш рет күріш пен мақта тамшылатып суарылды. Қарғалы ауылында 5 мың гектарлық жаңа жоба іске қосылып, әр гектардан 50 центнер өнім алу көзделген. Су бірнеше есе үнемделіп, 25 маусымдық жұмыс орны ашылды. Осы жұмыстармен танысу үшін облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, инвесторлармен кездесті. Өңір басшысы ауыл шаруашылығына жаңа технология енгізген шаруашылықты қолдауға дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, биыл өңірде 27 мың гектарға су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланған. Қазірдің өзінде 59 мың гектар алқапқа жаңашыл әдіс қолданылып келеді. 2028 жылға дейін бұл көрсеткіш жыл сайын 50 мың гектарға артып отырады.