Енді «Әлеуметтік әмиян» қосымшасы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тауарлық газға жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақ газ аймақ» компаниясының Түркістандағы өкілі Майра Байбекқызы мәлімдеді. Бүгінде қосымшаны 157 мыңнан астам адам жүктеп , жеке шоттарын оған енгізіп қойған. Сондай ақ, қазір Forte Bank пен QazaqGaz Aimaq арасында келіссөздер жүріп жатыр. Яғни, алдағы уақытта аталған банк арқылы газ үшін төлем жасаған әр тұрғынға 10% кэшбек беріледі.