Түркістан
EN

Ордабасы ауданында интернет алаяқтыққа қатысты 26 қылмыс тіркелген

69
24.09.2025

Жыл басынан бері елімізде 13 800 дерек интернет-алаяқтық бойынша тіркелген. Ал Ордабасы ауданында биыл осындай  26 қылмыс болып, оның 14 ашылған. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің  алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Оны жұртшылыққа түсіндіру мақсатында өңірдегі сақшылар арнайы жадынамалар таратты. Сала мамандары мұндай қылмыстарға жол бер­меу, алдын алу еліміздің ғана емес, қа­зір­гі таңда бүкіл әлем елдерінің өзекті мә­се­лелерінің біріне айналып отыр дейді.