Түркістан
EN

Атырау облысында ер адамға сталкинг бабымен қылмыстық іс қозғалды

65
24.09.2025

Атырау облысында алғаш рет сталкинг әрекетіне байланысты  қылмыстық іс қозғалды.  Құрманғазы ауданында күдікті ер адам ауыл тұрғынын үнемі қыр соңынан қалмай  аңдып келген. Ол жәбірленушінің  үйінің ауласына кіріп, терезеден қараған әрі бейәдеп әрекеттер жасаған. Аулада іш киімсіз жүрген. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, кейін желіде тарады. Бұл жағдай биылғы жылдың 19 қыркүйегінде болған. Алғашында іс «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, құқық бұзушы 60 сағат қоғамдық жұмысқа жегілген болатын. Алайда қосымша дәлелдер ұсынылғаннан кейін оның әрекеті қылмыстық кодекстің жаңа бабы «Сталкинг» бойынша қайта сараланды.