Түркістан
EN

Саяси партияларды тіркеу жеңілдейді

132
17.03.2022

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында партияларды тіркеу шегін 5 мың адамға дейін төмендету қажеттігін айтты. Оның айтуынша, партияға адам санын тіркеуді төмендету қабілетті саяси ұйымдардың пайда болуына мүмкіндік беретін қадам болмақ. Сондай-ақ, құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандыратынын сөз қылды.