Түркістан
EN

«Жастар Рухы» Президент тапсырмасы аясында нашақорлықпен жүйелі күрес жүргізуде

74
24.09.2025

Елімізде нашақорлықпен күрес күшейіп келеді. Бүгінде 18 мыңнан астам азамат нарколог-дәрігерлердің бақылауында. Олардың басым бөлігі – жастар. Соңғы бес жылда тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 143 есеге артқан. Биылдың өзінде құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтаған. Бұл – қоғам үшін үлкен дабыл. Осыған орай «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты үшінші жыл қатарынан «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізуде. Іс-шара барысында көшелердегі есірткі жарнамасы бар жазулар өшірілген. Сонымен қатар, жастар арасында ақпараттық материалдар таратылып, жүздеген кездесу мен флешмоб ұйымдастырылған.