Түркістан
EN

Қазақстан 2040 жылға қарай мұнай өңдеу көлемін екі есеге арттырмақ

30
24.09.2025

Елімізде мұнай өңдеу көлемі екі есеге артады. Ол үшін Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылып 2040 жылға дейін өңделген мұнай көлемі 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға жетпек. Қазір Шымкент зауытының қуаттылығын 6 млн-нан 12 млн-ға дейін арттыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлескен жоба қолға алынған. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің зауыт басшылармымен кездесу барысында сөз болды.