Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен ұлттар ұйымын сынға алды. Ол Израильді бейбіт тұрғындар мен журналистерге шабуыл жасады, сондай-ақ халықаралық қауымдастықты тұрғындар тұрмақ, тіпті өз қызметкерлерін қорғай алмады деп айыптады. Ердоған өзге елдерді Палестинаның мемлекеттігін мойындауға шақырды. Сондай-ақ әлемдік сын-қатерлерге тоқталып, “ешкімді артта қалдырмау” қағидасына сүйене отырып жаһандық қаржы жүйесін реформалау қажеттігін айтты. Түрік көшбасшысы Түркі мемлекеттері ұйымының Орталық Азиядағы маңызды факторға айналғанын да атап өтті.