Түркістан
EN

Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етуіміз қажет – Президент

2
24.09.2025

Біріккен Ұлттар Ұйымын жан-жақты реформалау қажет. Бұл Қауіпсіздік Кеңесінен басталып, құрамына Азия, Африка және Латын Америкасындағы ірі елдердің өкілдері ротация тәртібімен ұсынылуы керек.  Бұл туралы мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында айтты. Жалпы дебатта көтерілген мәселелердің басым көпшілігі әлем елдерінің арасындағы бейбітшілік пен өзара сенімді нығайтуға қатысты болды. Президент Украина мен Газадағы гуманитарлық дағдарысқа алаңдаушылық білдіріп, әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша,  халықаралық құқықты өрескел бұзу бүгінде «қалыпты жағдайға» айналған. Соның салдарынан әлемдегі тұрақтылыққа нұқсан келіп, халықтардың, саяси көшбасшылар мен мемлекеттердің бір-біріне сенімі әлсірей түсті.