Түркістан
EN

Жол апатына себеп болатын 39 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілді

65
23.09.2025

Түркістан облысында жыл басынан бері 39 мыңнан астам жол апатына әсер ететін құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде, 38 мың жаяу жүргінші жолдан өту ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 605-і мас  күйінде көлік тізгіндеп, әкімшілік қамауға алынған. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қазір  Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша облыста «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған бастама ай соңына дейін жалғасады.