Түркістан
EN

Төлеби ауданында коммуналдық қызметтердің техникалық паркі жаңа көліктермен толықты

59
23.09.2025

 Төлеби ауданында коммуналдық қызметтердің техникалық паркі жаңа көліктермен толықты. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында 16 арнайы техника пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, жаңа көліктердің кілтін ауылдық округтердегі коммуналдық сала мамандарына тапсырды. Жаңа көліктердің қатарында қоқыс жинайтын, жол тазалайтын және көпфункциялы коммуналдық машиналар бар. Олардың көмегімен ауданның тазалығы жақсарып, жұмысшылардың да жағдайы жеңілдей түспек.