Биыл Түркістан облысындағы 59 мың гектер жерге су үнемдеу технологиясы енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. Бұл жоспарланған межеден екі есе жоғары. Енді жаңа технологияға жыл сайын 50 мың гектарға ендіру көзделіп отыр. Бұл туралы өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылып, жан-жақты талқыланды.