Түркістан
EN

Қазығұрттық тұрғын ауласында балық өсіріп отыр

19
23.09.2025

 Қазығұрттық  тұрғын ауласында балық өсіріп  отыр.   Ол жәй ғана үй іргесіндегі шағын көлшіктің суын бұрып,  3 тоған жасаған. 12 соттық жерде 800-ге жуық сазан мен дөңмаңдай жүзіп жүр. Бұл – Сүндет Бекбауовтың қолға алған ісі. Аз шығынмен басталған шаруа  бірте-бірте дамып, өрістеп келеді. Сүндеттің бұл ісі ерінбеген адамға қара судан  да табыс табуға болатынын дәлелдесе керек. Табиғи ортада, артық шығынсыз, экологиялық таза өнім. Табиғи мүмкіндікті тиімді пайдаланып, кәсіптің көзін тапқан шарбұлақтық жігіттің бұл ісі  өзге де ауылдастарына үлгі болып отыр. Кәсіпті бастау үшін көп қаражат қажет емес. Бастысы ниет пен ізденіс болса жеткілікті. Кәсіпкердің айтуынша,  сазан мен дөңмаңдай  өңірдің ауа райына тез бейімделетін  балық түрі.