Жыл басынан бері Түркістан облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 55 іс-шара өтті. Нәтижесінде қоғамдық көмекші полиция 47 қылмыс ашып, 1900-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 76 мыңнан астам оқушы, студент және ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Жиында тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Сондай-ақ халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету бағытындағы жұмыстар талқыланды.