Елімізде жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллект технологиялары оқу процесіне енгізіле бастады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген тұжырымдамаға негізделген. Ол үшін 200 мыңға жуық педагог арнайы дайындықтан өтіпті. Дегенмен, жасанды интеллект ешқашан мұғалімді алмастырмайды,-дейді министрлік өкілі.