Түркістан
EN

Келесі жылдан бастап арнайы тағылымдама бағдарламасы ашылады

50
22.09.2025

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президенттің Educational Testing Service компаниясы және Смитсон институты жетекшілерімен өткен кездесулер жөнінде пікір білдірді. Министрдің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы аясында енді Смитсон институты базасында антропология, тарих, мәдениет пен дінтану  бойынша тағылымдамалар ұйымдастырылады. Келесі жылдан бастап оның бағдарламасы түзіледі. Бұл ғылыми қызметкерлердің институт базасында зерттеулерін жалдғастыруына мүмкіндік бермек.  Сондай-ақ, Educational Testing Service компаниясының қолдауымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын жетілдіру және мазмұнын толық қарастыру бағытында жұмыстар да жүйелі жүзеге асады, деді министр.