Түркістан
EN

8,5 млрд теңге ұрлаған күдікті Ресейде ұсталды

66
22.09.2025

Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген құрылыс компаниясының басшысы елге қайтарылды. Ол 2020–2022 жылдары адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған келісімшарттар жасап, серіктес компаниялар арқылы «Самұрық-Энергоның» еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам қаражатты аударғаны анықталды. Бұл қаржы Ақмола облысында жел электр станциясын салуға бағытталған болатын. Осыдан кейін күдікті Ресейге қашып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ақпанда ол Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар биыл мамырда түрлі мерзімге сотталған. Заңға сәйкес, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.