Түркістан
EN

Заңсыз ломбардтар 3,5 млрд теңге пайда тапқан

75
19.09.2025

Қазақстанда заңсыз микрокредит беру бойынша ірі схема әшкереленді. «Актив Ломбард» желісінің иесі елдің әр өңірінде 200-ге жуық филиал ашып, «Актив Маркет» деген атпен комиссиялық дүкен ретінде жасырып келген. Бірақ іс жүзінде лицензиясыз ломбардтық қызмет көрсетіп, қарыз алушыларға заңда белгіленген шектен 4 есе артық мөлшерлемемен қарыз берген. 15 күнге 16,2% сыйақы алған компания соңғы екі жылда азаматтардан 3,5 млрд теңгеден астам заңсыз пайда тапқан. Олардың әрекетінен ең көп – зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар зардап шеккен.