Түркістан облысының өнеркәсіп, туризм, білім, спорт және денсаулық салаларын дамыту мақсатында маңызды келіссөзге қол қойылды. Облыс пен Қытайдың Хубэй провинциясы арасындағы жол картасы бекітіліп, нақты жоспарлар құрылды. Бұл келісім Түркістан облысына жаңа серіктестер тартып, инвестиция, жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Ал Хубэй үшін Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени байланысты кеңейтуге мүмкіндік. Айта кетейік Хубэй провинциясы Қытайдағы ірі аймақтардың бірі. 60 млн халқы бар өңірде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен ғылым саласы қарқынды дамыған.