Түркістан
EN

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші төмендеген

160
16.03.2022

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен екенін мәлімдеді. Мысалы осы жылдың 2 айында 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қаңтар-ақпан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6 процентке артқан. Тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейі бойынша, ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарына тиесілі. Ал ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда. Жалпы Түркістанда 100 мың тұрғынға арналған көпқабатты үйлер бой көтерді. Өткен жылдан бастап 7, 9 және 12 қабатты 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Аталған жылжымайтын мүлікті «Отбасы банк» немесе екінші деңгейлі банк арқылы ипотекамен сатып алуға мүмкіндік бар.