Президент бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. Кейінгі уақытта жастардың спортпен жайлы шұғылдануына жағдай жасалды. Президент осыған назар аударып, инфрақұрылымға мән берілгенін мәлімдеді. Сөз арасында Қасым-Жомарт Тоқаев боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасына қайтаруға атсалысқаны үшін Геннадий Головкинге ризашылығын білдірді. Содан кейін шара марапаттау рәсіміне ойысты. Спортшыларға «Құрмет» ордені, Ерен еңбегі медалі және Президент алғысы табысталды. Сондай-ақ бапкерлердің көп жылғы еңбегі ақталып, Президент қолынан жоғары дәрежелі марапат алды.