Жамбыл облысындағы 01098 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты. 19 жастағы жауынгер Дінмұхамед Шынарбекті ресми органдар суицид жасады деп отыр. Ал, желіде жазба жариялаған марқұмның әпкесі бауырының «өз-өзіне қол жұмсады дегеніне сенбейміз» дейді. Оның үстіне, марқұм сарбаз егіздің сыңары болған екен. Ол да әскерге барған. Марқұмның отбасы қаралы хабарды 17 қыркүйек күні естіген. Құрлық әскері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, көмек беретінін айтқан.