Жасанды интеллект 1 млн қазақстандықтың жұмысын «тартып алуы» мүмкін

4
18.09.2025 20:14

Жасанды интеллект Қазақстанда 1 миллионға жуық адамның жұмысын алмастыруы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. Әсіресе ірі қалаларда тәуекел жоғары. Салалар бойынша ең осал бағыттар: қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым және денсаулық сақтау. Десе де, министрлік өкілі азаматтардың жақын арада жаппай жұмысынан айырыла қоймайтынын айтады. Себебі Қазақстандағы еңбек күші салыстырмалы түрде арзан болғандықтан, компаниялар автоматтандыруды біртіндеп енгізбек.