Атырауда жалған шот-фактура арқылы ақша заңдастырғандар сотталды

6
18.09.2025 18:13

Атырауда 8 млрд теңгеге жалған шот-фактура рәсімдеген адамдар тобына  қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін, Тюякпаев, Аргалаш және Булатов есімді азаматтар салық төлеуден жалтару схемасын құрғаны анықталған. Дәлірек айтқанда, Тюякпаев 342 млн теңгені бақылауындағы компаниялар арқылы жұбайының жеке шотына аудару арқылы  заңдастырған. Оның салдарынан мемлекетке 590 млн теңгеден астам салық төленбей, ірі көлемде залал келген. Тергеу кезінде 236 млн теңге өз еркімен өтелді. Сондай-ақ, сот санкциясымен 4 автокөлікке 2 пәтер мен бір тұрғын үйге тыйым салынды.